Миссия, құндылықтары

Біздің миссия

Біз сенімді және сапалы қорғаныс жасау арқылы клиенттеріміздің әл-ауқатын қорғаймыз, сенім мен тыныштық ұялатамыз.

Біздің бағдарымыз

Біз тәуелсіз, қарқынды дамып келе жатқан, ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа және сапалы қызметтерді көрсетуге бағыт алған, танымал бренді және мінсіз беделі арқылы өз сегментінде көшбасшы болып танылған сақтандыру компаниясын құрудамыз.

Біз үздіксіз даму және клиенттер мен серіктестерге жоғары сападағы қызмет көрсету арқылы табысқа жетуге және өсуге ұмтылудамыз.

Біз қаржылық тұрақтылықты арттырудамыз, сенімді және тұрақты Компания беделін ұстанудамыз.

Біз кәсібилікке, үздікіз дамуға және бизнеске тұтастай бет бұруға басымдық жасаймыз.

Құндылықтар

 1) Кәсіби мамандар командасы

200 астам жоғары білікті маман күн сайын Қазақстанның сақтандыру нарығының дамуына және біздің компанияның табысты болашағын қалыптастыруға өз үлестерін қосуда.

Лондон-Алматы – өз ісінің мамандары ғана емес, сонымен қатар ынтымақты ұжым, олар бір-біріне кәсіби ғана емес, керек кезде рухани да қолдау көрсете білетін ойлары бір жерден шығатын тату команда.  

2) Икемділік

Біз даму жолында икемді және қарқынды бола білеміз. Біз клиенттер және серіктестермен ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастық құруға ұмтыламыз.  

3) Бедел

Компанияның беделі әрқайсызымыздың әрекетімізден туындайды. Ол жылдар бойы қалыптасады, сондықтан да бұл біздің басты ортақ құндылығымыз.

4) Клиентке бейімделу

Біз адамдар үшін жұмыс істейміз және барлық клиенттерге сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етеміз.

5) Сенімділік және ашықтық

Жылдар бойы жиналған мол тәжірибе бізге клиенттер мен серіктестер алдындағы өз міндеттемелерімізді сенімді орындауға мүмкіндік береді. Біз ашық және адал әрекет етеміз, клиенттерімізге жан-жақты қолдау көрсете отырып және табысқа жетуге қол ұшын созу арқылы олардың арман-тілектерінің орындалуына ерекше көңіл бөлеміз.