Жүктер

Сізге немесе Сіздің клиентіңізге жүгіңізді жеткізу процесінде оны зақымдау немесе жарамсыз етумен байланысты мүліктік мүддені қорғау болып табылады. Жүкті тасымалдау, тиеу-түсіру операциялары барысында немесе табиғат апаты салдарынан зақымдау немесе жарамсыз (жоғалту) етумен байланысты шығындарды өтеу.

 

Ерекше шарттар
Сақтандыру тарифтерінің тиімді мөлшерлемелері
Жүкті кез келген тасымалдау тәсілдерінде сақтандыру
Дүние жүзі бойынша сақтандыру мүмкіндігі
Жүктің көптеген түрлерін сақтандыру мүмкіндігі

Жүкті тасымалдау – ең бір тәуекелі жоғары қызмет түрі. Тасымалдау барысында жүк бірнеше күтілмеген себептер бойынша зақымдалуы мүмкін: ЖАО нәтижесінде, апатты жағдайлар немесе көлік құралының аударылуы. Осыларды ескере отырып, жүкті сақтандырудың қаншалықты жеңіл әрі тиімді шешім екенін түсіну қиын емес, бұл жерде кез келген сәттен орын алуы мүмкін шығын орны да өтеледі. Статистика бойынша сақтандырылған жүктер компаниянылардың тоқырауға ұшырауына себеп болады. «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы өзінің клиенттеріне өздерінің жүктерінің қауіпсіздігі туралы енді уайымдамауды ұсынады, жай ғана оларды сақтандыру қажет. Біз сіздер үшін сақтандырудың өзіңізге лайықты түрін таңдап береміз, осы сақтандырудың өзгелер біле бермейтін көптеген астары туралы әңгімелеп береміз.

Жүктерді сақтандырғанда «Лондон-Алматы» СК АҚ сонымен қатар клиенттің мүліктік мүдделерін де сақтандыруды ұсынады, олар мысалы:

  •  Жоғалған пайда;
  • Жүкті тасымалдаумен байланысты қосымша шығындар;
  • Жүкті уақтылы жеткізбеумен байланысты тұрақсыздық айыбы;
  • Сақтандыру жағдайы салдарынан орын алған салықтар, баж салықтары және басқа да төлемдер;
  • Жүкті сақтауға немесе жоюға кететін шығындар;
  • Жалпы апаттың болуына байланысты жүкті тасымалдау барысында туындаған үшінші тұлғаларға келтірілген шығын;
  • Құмыс құралдары, жабдықтар және сақтанушының үлгілері;
  • Көрме экспонаттары, зергерлік бұйымдар, құнды металлдар және басқа да сирек кездесетін жүктер;
  • Жүкті тасымалдау алдында және соңында қоймаға сақтау.