КҚИ АҚЖ міндетті сақтандыру

Автокөлік иелерінің жауапкершіліктерін сақтандыру көлік құралдарын жоғары қауіптілік көзі ретінде пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктеріне, өмірі мен денсаулықтарына келтірілген зиян орнын толтыруды қарастырады.

Ерекше шарттар
Полисті сайт арқылы сатып алғанда 10% жеңілдік
Жылдам төлем жасау
Келтірілген зиянның нақты бағасы

Көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін міндетті сақтандыру көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және/немесе мүлігіне келтірілген зиян орнын толтыруды қарастырады.

Егер ЖАО нәтижесінде Сіз басқа автокөлікке зиян келтірген болсаңыз немесе мысалы, бағдаршамды, автобус аялдамасына, жарнамалық қалқан немесе тұрғын үйдің дарбазасын зақымдаған болсаңыз, онда жәбірленушілерді емдеуге немесе мүлікке келтірілген зиян орнын толтыруды біз өзімізге аламыз.

Жасырын емес, осы сақтандыру әрбір автоклік иеленуші үшін міндетті болып табылады, ол өз кезегінде осы сақтандыру полисі болмаған жағдайдағы айыппұл мөлшері туралы біледі.  Осындай сақтандыру полисінің құны міндетті сақтандыру туралы заңға сәйкес есептеледі, сәйкесінше, осы сақтандыру түрінің бағасы барлық сақтандыру компанияларында бірдей болады.

«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы өз клиенттеріне сақтандыру төлемдерін төлеу бойынша сервистің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді, сонымен қатар Сіз сақтандыру шартын біздің сайт арқылы 10% жеңілдікпен ала аласыз.

сатып алу Полисті онлайн