Автосақтандыру сіздің компанияңызға әртүрлі жол бойында болған жағдайлардың нәтижесінде орын алған қаржылық және уақыт шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Мүлікті сақтандыру жылжымалы және жылжымайтын мүлікке келтірілген зиянды өтеуді қарастырады. Сақтандыру қорғанысы мүлікті өрт, зілзала, апатты жағдайлар және т.б. сияқты сыртқы факторлардың әсерінен мүліктің толық немесе ішінара жойылуына қатысты болады. Сонымен қатар, өтеуге мүлік иелерінің жауапкершілік тәуекелдерін өтеуге, мысалы көршілер немесе қонақтардың келтірген зияндарын да қосуға болады.
Жүкті сақтандыру Сіздің жүгіңізді (тауарыңызды) тасымалдау, жеткізу, тиеу-түсіру процесінде зақымдау немесе жарамсыз етумен байланысты келтірілген зиян орын толтыруды қарастырады.
Бизесті сақтандыру кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру нәтижесінде қаржылық шығындарды өтеуді қарастырады.
Ұйымның жауапты лауазымдық тұлғаларын сақтандыру
Міндетті экологиялық сақтандыру
Аудиторлардың АҚЖ міндетті сақтандыру
Жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру
Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру
Қауіпті нысандарды иеленушілердің АҚЖ міндетті сақтандыру
Су көліктерін және оны иеленушілердің жауапкершіліктерін сақтандыру су көліктерін пайдалану барысында иелеріне келтірілген, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүліктеріне, өмірі мен денсаулығына келтірілген залал орнын толтыруды қарастырады.
Темір жол көлігін және оның иелерінің жауапкершіліктерін сақтандыру темір жол көлігін пайдалану барысында иелеріне келтірілген, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүліктеріне, өмірі мен денсаулығына келтірілген залал орнын толтыруды қарастырады.
Әуе көлігін және оның иелерінің жауапкершіліктерін сақтандыру Әуе көлігін пайдалану барысында иелеріне келтірілген, сонымен қатар үшінші тұлғалардың мүліктеріне, өмірі мен денсаулығына келтірілген залал орнын толтыруды қарастырады.
Ерікті медициналық сақтандыру Компания қызметкерлерін әлеуметтік қорғау мен денсаулықтарына қолдау көрсетудің үлгісі болып табылады. «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы өзінің серіктестері/Ассистанстары – жоғары білікті дәрігерлер және медициналық жабдықтармен жабдықталған Қазақстандағы ірі медициналық орталықтар арқылы медициналық қызметтерді ұйымдастыру мен қаржыландыруға кепілдік береді.
Медициналық сақтандыру медициналық көмекке және сапалы және уақтылы медициналық қызметтерді алуға жұмсалатын шығындарды өтеуді қарастырады.