Жеке тұлғаларға
Автосақтандыру

Автомобильдерді сақтандыру және авто иелерінің жауапкершіліктері жеке өз автокөлігіне келтірілген зиянды және көлік құралдарын пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың мүліктеріне, өмірі мен денсаулықтарына келтірілген зиян орнын толтыруды қарастырады.

Мүлікті сақтандыру

Мүлікті сақтандыру жылжымалы және жылжымайтын мүлікке келтірілген зиянды өтеуді қарастырады. Сақтандыру қорғанысы мүлікті өрт, зілзала, апатты жағдайлар және т.б. сияқты сыртқы факторлардың әсерінен мүліктің толық немесе ішінара жойылуына қатысты болады. Сонымен қатар, өтеуге мүлік иелерінің жауапкершілік тәуекелдерін өтеуге,  мысалы көршілер немесе қонақтардың келтірген зияндарын да қосуға болады.

Жазатайым оқиғадан сақтандыру

Жазатайым оқиғадан сақтандыру сақтандырылған тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиынды өтеуді қарастырады. Сақтандыру қорғанысына адамның ырқынан тыс орын алған төтенше оқиғалар салдарынан сақтандырылған тұлғаның қайтыс болуы, жұмысқа қабілетінен толықтай немесе ішінара айырылуы жатады.

Саяхатшыларды сақтандыру

Саяхатшыларды сақтандыру дегеніміз шетелде жүрген сақтандырылған тұлға шұғыл науқастанған жағдайда және сапар кезінде орын алған қайғылы оқиғаларда медициналық көмектерге жұмсалатын шығынды өтеу болып табылады.

Жеке нотариусты сақтандыру

Жеке нотариустарды сақтандыру үшінші тұлғаларға қатысты нотариалдық әрекеттер жасау нәтижесінде оларға келтірілген залалды өтеуді қарастырады.