Қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін беру туралы хабарлама

«Лондон-Алматы» Сақтандыру компаниясы» АҚ (орналасқан жері: ҚР, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 19/1, Нұрлы-Тау, 3Б блогы, 9-қабат) осымен қызметкерлерді еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру портфелін ерікті түрде беру туралы хабарлайды.

Сақтандыру портфелін беру туралы шешімді уәкілетті орган қабылдады («Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 10 қарашадағы No 10/11/2022 шешімі).

Сақтандыру портфелін беру Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 12 шілдедегі N138-VII «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру нарығын және бағалы қағаздар нарығын, банк қызметін реттеу мен дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 2-бабының 2-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады».

Сақтандыру портфелін қабылдайтын сақтандырушы туралы мәліметтер: «Standard Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, орналасқан жері: Алматы қ. Қабанбай батыр 186 (Мұратбаев көш. қиылысы).