8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!
Қымбатты қыздар қауымы!
 
Көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
 
Көктем – табиғаттың жанданып, айналаның бәрі жаңарып, гүлдер бүршік жаратын мезгіл, махаббаттың, жаңа үміттер мен олардың орындалатындығына деген сенімнің уақыты! Жақындарыңыз жандарыңызға жылулық сыйлап, ал олардың махаббаты сіздерге демеу болсын. Әрбір жаңа күн бақыт, шаттық, шығармашылық шабыт, жағымды жаңалықтар, күтпеген тосын сыйлар әкелсін, барлық бастамаларыңыз табысты болып, жоспарларыңыз іске аса берсін, аңсаған армандарыңыз орындалсын!
 
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, толағай табыс, мейірімділік пен сұлулық, жақындарыңыздан қолдау, көктемгі шабыт пен керемет көңіл-күй және, әрине, құшақ-құшақ гүл тілейміз! Әрдайым жүздеріңізден күлкі кетпей, жадырап-жайнап жүре беріңіздер, көңілдеріңізде мәңгілік көктем орнасын!