Абайлаңыз, алаяқтар!

Сіз көпке танымал ірі сақтандыру компаниясына сақтандырылғансыз дейік. Сақтандыру жағдайы орын алғанда, кейде тіпті  жақын адамнан айырылылған кезде, қатты күйзеліс күйінде болғандықтан сіз не істеу керектігін білмей абдырып қаласыз. Осындайда, белгілі бір ақыға төлемді алып берем деп сізге көмекке келетін адам пайда бола қалады. Сіз алдауға ұшырағаныңызды байқамай да қаласыз. Барлығы жақсы болды, төлем төленді, ешқандай проблема болмады. Бірақ, сіз ақшаны алмадыңыз. Ал сенім білдірген адам, ғайып болды. Бұл детективтік оқиға емес, өкінішке орай шын болып жатқан жағдай. Алаяқтардың әрекеті қарапайым, олар осы жолмен біреудің қайғысы үстінен пайда көруде.

Біз үнемі алаяқтардың төлемді иелену жағдайына куә болып жүрміз. Сондықтан да, клиенттеріміздің шығыны аз болуы, төлем оларға келген залалды өтеуі үшін олардың мүдделерін қорғауда алаңдаушылық танытамыз. Біз құқық қорғау органдырымен алаяқтардың әрекеттерін әшкерелеу және кінәлі тұлғаларды заңда қарастырылған барлық қатаң жазамен жауапкершілікке тарту үшін бірлесе отырып жұмыс істеп келеміз.

Бұндай оқиғалар Шымкент және Алматы қалаларында орын алған. Біздің де клиенттеріміз сырт қалмай, осындай қылмыстық әрекеттің шырмауына тап болды. Қайтыс болған кісінің туыстарына төлем жетпегенін білгеннен кейін, «Лондон-Алматы» компаниясы алданған әйелдерге Түркістан облысының құқық қорғау органдарына өтініш әзірлеу үшін білікті заң көмегін ұсынған. Қаскүнемдер күйеулері ЖКО салдарынан қайтыс болған үш әйелді алдап, төлемді тез алатындарына кепілдік бере отырып, қызмет көрсетуді ұсынған. Ақшаны өз шоттарына алғаннан кейін олар із-түссіз жоғалып кеткен. Полиция қызметкерлері мен компанияның жұмылдырылған іс-әрекеті нәтижесінде күдікті ұсталып, сот санкциясымен қамалған.

Біз клиенттерімізді қорғағымыз келеді: абай болыңыздар, сақтандыру төлемін алу мәселесін жылдам шешіп беремін деген тұлғалардың сөздеріне сеніп қалмаңыздар.

Егер, сіздерге осындай ұсыныстар түсетін болса, ешқандай әрекетке бармай, ешқандай құжатқа қол қоймастан, бірден сақтандыру компаниясына қоңырау шалыңыздар. Біз не істеу керектігін айтамыз және ол тегін болады. Сақтандыру компаниясы олардың көмегінсіз ешқандай төлем жасамайды деген жалған ақпаратқа сенбеңіздер. Естеріңізді болсын, біз төлейміз және де адал төлейміз!

Дереккөзі: https://polisia.kz/ru/vyplaty-po-strahovke-moshennik-obmanul-vdov-na-18-mln-tenge/