Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен кұттықтаймыз

Құрметті қазақстандықтар!

Жеңіс күні  – еліміз үшін маңызы зор, ұлы мереке! Cіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен шын жүректен кұттықтаймыз!

Сұрапыл соғыс жылдары, жан алып-жан беріскен майдан даласында көзсіз ерлік, қайсар мінез және қаһарман рухымен танылған ардагерлер болашақ ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Өскелең ұрпақ әрқашанда осы бейбіт таңымыз, мамыражай күніміз үшін жанын қиып, кеудесін оққа тосқан ардагерлердің ерен ерлігіне тағзым етіп, құрмет білдіреді,  үлгі тұтады!

Осы ұлы мереке тұсында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, жақындарыңызға деген мейірім мен сүйіспеншілік тілейміз! Аспанымыз әрқашан ашық, еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!