Қазақстан халқының бірлігі күнімен!

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі құтты болсын!

Бұл күн достық, бейбітшілік, мейірім мен бауырмалдық, өзара түсіністік пен бірлік мерекесі! Қазақстанның осы күнге дейін жеткен жетістіктері мен әлемді мойындатқан жоғары беделі - ол бірлігі жарасқан,  достастық пен келісім орната білген  халқымыздың жігерлі еңбегінің жемісі. 

Сіздерге және жақындарыңызға бүгін ғана емес, әрдайым еліміздің асқан рухын танытып, әлемдік аренада биіктерден көрсете білу үшін  мықты денсаулық,  бақыт, бейбітшілік, береке-бірлік тілейміз.