Компанияның жұмыс істеу кестесіндегі өзгерістер

Құрметті клиенттер,

Қазақстан Республикасының «Төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығына және елде коронавирустың тарауының алдын алу бойынша қабылданған шараларына байланысты сіздерге «Лондон-Алматы» СК» АҚ жұмыс істеу тәртібіндегі кейбір өзгерістер туралы хабарлаймыз. 

Біз бұрынғы тәртіпте дүйсенбіден жұмаға дейін 9-00 бастап 18-00 дейін жұмыс істейміз, бірақ 2020 жылғы 19 наурыздан бастап қызметкерлер мен сатылымдар дирекцияларының бір бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу түріне ауысады:

  • Алматы қ. сатылымдар дирекциясы (Абай даңғ., 52)
  • Нұр-Сұлтан қ. сатылымдар дирекциясы (Мәңгілік ел к-сі, 17, Көркем ТК)
  • Шымкент қ. сатылымдар дирекциясы (Қожанов к-сі, 7)

2020 жылғы 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін мереке және демалыс күндеріне байланысты бүкіл Қазақстан бойынша барлық сатылым дирекциялары жұмыс істемейді.

Сақтандыру шарттарын ресімдеуді және сақтандыру жағдайының пайда болғаны туралы хабарлауды үйіңізден шықпай-ақ, біздің https://insuranceshop.kz сайтымыз арқылы онлайн түрде немесе қаламыздағы сақтандыру компаниясының өкілдері арқылы немесе Сall-Center бойынша жүзеге асырсаңыз болады.

Шағымыңызды да компания сайтында қалдырсаңыз болады немесе Call-Center қызметіне жүгінсеңіз болады. Барлық өтінімдер заңнамада қарастырылған мерзімде қарастырылатын болады.

Біз Клиенттер үшін қызмет үздіксіздігін қамтамасыз ету мен қызметтерді көрсету маңыздылығын түсінеміз және Сіздерді барлық қажетті қызметтермен жылдам, шұғыл әрі жоғары деңгейде қамтамасыз ету үшін барлығына дайынбыз.

Барлық сұрақтар бойынша Call-Center бойынша хабарласа аласыз:

♦ 5979 (қоңырау шалу тегін)
♦ +7 701 035 91 07 (Whatsapp)

♦ CallCenter@laic.kz
https://insuranceshop.kz

Біз үшін әрбір клиенттің денсаулығы маңызды, өздеріңізге және жақындарыңызға сақ болыңыдар, аман болыңыздар!

Түсіністік танытасыздар деген сенімдеміз.