8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен!

Көктемнің шуақты және көңілге қуаныш сыйлайтын мерекесі - 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Табиғат бусанып оянған, күннің шуағы шашырап әлем жадырап салатын осы әсем мезгіл сіз үшін жаңа идеялар туындайтын, армандар орындалатын, бастамалар жүзеге асатын бақытты мезгілге айналсын. Осы бір әдемі күндер жүзіңіз жарқырап, қуаныштың табы білініп тұрсын, ал айналаңыз әрқашан көктемгі әсем гүлдерге толсын! 

Сізге денсаулық, махаббат, бақ-береке, жақындарыңыздың сүйіспеншілігі мен күтпеген жағымды тосын сыйлар, көктемгі жарқын көңіл-күй мен құшақ толы әсем гүлдер тілейміз! Әрқашан әдемі, нәзік, тартымды қалыптарыңыздан таймаңыздар, жүректеріңізде мәңгілік көктем орнасын!

Ізгі ниетпен, «Лондон-Алматы» СК» АҚ