Көлікті айдап әкету
Слово, которое наводит страх на каждого автолюбителя, ведь жертвой злоумышленников может стать как владелец дорогого японского джипа, так и недорогого автомобиля узбекского или российского производства.

Әрбір автомобиль иесіне қорқыныш ұялататын сөз, қаскөйлердің тұзағына қымбат жапон джипі де, сондай-ақ қымбат емес Ресей немесе Өзбекстаннан шыққан автомобиль иелері де түсуі мүмкін.

«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясының сарапшылары өздерінің жеке статистикасын келтірді және ҚР ең көп ұрланатын автомлбиль маркасын анықтады.

Көлікті айдап кету – басқа біреудің автокөлігін немесе көлік құралын оны тұтастай немесе бөліп иемдену пиғылынсыз заңсыз иелену, оны өз бетімен иелену. Көлік құралын оны кейін бөлу және оның бөлшектерін иемдену немесе көлк құралын өз пайдасына немесе басқа тұлғалардың  пайдасына жарату ұрлық немесе жымқыру ретінде танылады. Егер кімде-кім көлік құралын кейін иесіне сыйақы үшін қайтару мақсатында заңсыз иеленген болса, оның да әрекеті жымқыру болып саналады. Сондықтан да, статистика бойынша, айдап әкету жағдайында, машинаны заңды иелеріне қайтарып беру мүмкіндігі жоғары болады. Айдап әкету ұрлауға қарағанда көбірек кезедеседі.

 

ҚР Бас прокуратоурасының 2017 жылғы мәліметтеріне жүгінсек 2,6 мыңнан астам қылмыстық істер жасалған – автомобильді ұрлау мақсатынсыз иелену. 2017 жылы республикадағы машина ұрлау шамамен 650 болған, ал ресми статистка бойынша 2018 жылы ол шамамен 750 болды. Көптеген жылдар бойы автомобильді ұрлау бойынша қылмыстық іс көп тіркелген жер оңтүстік астанамыз – Алматы,2018 жылы қалада 255 қылмыстық іс  тіркелген. Одан кейін Қарағанды, Шымкент, Қостанай облысы.

«Лондон-Алматы» СК мамандарының пікіріне сәйкес автомобильдердің негізгі 2 санатын айдап әкетеді: люкстік жол таңдамайтын автокөліктер, олар әдетте көрші мемлекеттерге барады, мысалы: Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, сонымен қатар аса қымбат емес мінілген седан және кроссоверлер, оларды әдетте автобөлшектерге пайдаланады.

ҚР ІІМ мәліметтерімен сәйкес келетін сақтандыру компаниясының статистикасына сәйкес Қазақстанда көбінесе жапондық автомобильдерді жиі ұрлайды, әсіресе Toyota маркасындағы автомобильдер. Екінші орында Lada маркасындағы көліктер, олардың көбісін ұрлағаннан кейін автобөлшектерге сатады. Одан кейінгі кезекте Mazda, Honda, BMW, Lexus және Hyundai маркалы көліктер.

Қазақстанда көбінесе машиналарды автожуу және ТЖО арқылы, көлік иесі автомобильді әдейі ашық күйінде тастап кететін кездерде еркін қолжетімділік әдісімен ұрлайды. Мамандар автокөлік иелеріне машинаны ешқашан ашық күйде және оталдыру кілтімен тастап кетпеуді және адамдар аз жүретін және қараңғы жерлердегі тұрақта ұзақ уақытқа тастап кетпеуді,  GPS-мониторинг жүйесін және салонға заңсыз кіруге және қозғалтқышты қосуға кедергі келтіретін құрылғыны орнатуды ұсынады.

«Лондон-Алматы» СК жүргізген зерттеу мәліметтеріне сәйкес Алматы және Астана қаласының авкөлік иелерінің шамамен 10% қаскөйлердің тұзағына түсуден және автокөлігін ұрлатып алудан қорқады екен.

«Біз автокөлікті ерікті сақтандыру қазіргі сәтте қорғаныстың ең бір сенімді құралы болып екендігіне сенімдіміз, ол автомобильді зақымдау немесе айдап кету барысында қаржылық шығындардан құтылуға көмектеседі. Біз барлық автокөлік иелеріне сақтандыру бағдарламаларын пайдалануды ұсынамыз, олар қосымша сенімділік пен тыныштық сыйлайды. Біздің компания барлық автокөлік иелеріне КАСКО сақтандыру шартын ресімдеуді ұсынады», - дейді «Лондон-Алматы» СК Басқарма Төрағасының орынбасары Ұлан ЭриковичШардарбеков.