Жаз қызған кезінде
Белгілі болғандай жазғы кезең – демалу уақыты. Осыған байланысты, «Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясы» АҚ сауалнама жүргізіп, Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы тұрғындарының 41% жазда демалғанды қалайтындығы туралы білді.

Зерттеу жұмыстары терең сұхаббатасу әдісімен жүрізілді, оған Алматы және Нұр-Сұлтан қаласының 21-ден 60 жас аралығындағы тұрғындары қатысты.

Сауалнама жүргізу барысында Нұр-Сұлтан және Алматы қаласы тұрғындарынан 2019 жылғы жазғы демалыс жоспары туралы сұралған болатын, мынандай нәтижеге қол жеткізілді: респонденттердің 42% осы жазғы демалысты үйде өткізуді жоспарлайтынын айтты, ол қаржылық проблемалармен байланысты. Олардың 24% тұрмыстық мәселелерді шешетін болады – пәтерді жөндеу, күрделі тазалау жұмыстары, консервілеу және қысқа азық және тосап жасаумен айналысатыны туралы айтқан.

16% уақытын қаладан тыс жерде өткізуді жоспарлап отырғаны туралы айтқан, олар тауға шыққысы келетіндер немесе жазғы саяжайларға баратындар. 12% отанда демалады және жергілікті шипажайларға таңдаулары түскен, олар Алакөл, Бурабай. 10% ТМД елдеріне – Ресей Федерациясына, Қырғызстанға, Грузияға, Белоруссияға баруды жоспарлайды. Тек 9% шалғай шетелдерге демалуға барады. Дәстүрлі түрде жазғы уақытта демалатын шетел – Түркия, Египет, Біріккен Араб Әмірліктері, Черногория, Испания, Италия. 2019 жылғы жазғы кезеңдегі демалысты көбісі отбасымен, балаларымен өткізгісі келеді. Сұралғандардың 28% егер қаржылық мүмкіндік болса шетелге барып демалуды қалайтындықтары туралы айтты.

Сұрақ: 2019 жылғы жазғы демалысты ресімдеуді жоспарлайсыз ба деген сұраққа сауалнамаға жауап бергендердің 41% осы жаздажұмыс істейтіні, демалыс алмайтыны туралы айтқан. 40% демалады (олардың жартысы екі аптадан аспайтын кезеңде демалуды жоспарлайды), респонденттердің 11% осы мәселе бойынша шешім қабылдамаған және жауап беруге қиналды.

Сұрау жүргізілгендер алдағы демалысқа байланысты көтеріңкі көңілде, респонденттердің үштен бір бөлігінен астамы (38%) өткен кезеңге қарағанда жазда демалған айтарлықтай жақсы деп санайды. Пессимистік бағытта тек сұралғандардың 5% болды, олардың пікірінше өткен жылға қарағанда дамалыс нашар болды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының  шетелде демалуды жоспарлап отырған тұрғындарының бір отбасы үшін есеп бойынша демалысқа кететін шығынының орташа сомасы 327 000 теңгені құрайды. Респонденттердің сөзі бойынша көбінесе олар демалысқа ақшаны жинайды, ол туралысаяхатқа шығатын  сұралғандардың 54% айтты.тек 18% респондент саяхатқа кететін ақшаны ағымдағы қаражат есебінен төлеуге дайын екенін айтқан, ал 6% үшін демалысқа туысқандары төлем жасайды.

Нұр-Сұлтан және Алматы қаласының кәмелет жасына толмаған тұрғындарына келсек, сұралғандардың 28% олардың балалалары мен немерелері жазғы уақытта ешқайда бармайтыны туралы және олар каникулды үйде өткізетіні туралы айтты. Әрбір төртінші (24%) өзінің балалаларын демалуға саяжайға немесе қала сыртындағы туыстарына, ал 15% - жазғы лагерьлерге жіберетіні туралы айтты.

«Лондон-Алматы» СК балаларын саяжайлар мен қала сыртындағы туыстарына жіберетін ата-аналарға қайғылы оқиғадан сақтандыру полисін ресімдеуді ұсынады, ол сіздің отбасылық бюджетіңізге зиян келмейтініне кепілдік болады және күтпеген оқиғалар орын алған болса сақтандыру компаниясы қажетті емдеу шараларына төлем жасайды.

«Республика аумағынан тыс жерлерде саяхаттауды қалайтындар үшін «Лондон-Алматы» СК шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру – денсаулығына байланысты төтенше жағдайлар туындаған жағдайда шетелдегі азаматтардың қауіпсіздігін, сонымен қатар шетелде қатты сырқаттану және қайғылы оқиға орын алғанда қаржылық көмек көрсетуді қамтамасыз ететін медициналық сақтандыру түрі. Туристерді сақтандыру шұқыл және кейінге қалдырылмайтын медициналық көмек шығындары, диагностикалық процедуралар, медикаменттердің құны және қайғылы оқиғалар орын алғандағы кенеттен болатын сырқат түрлері мен жарақаттарды емдеу болып табылады», - дейді «Лондон-Алматы» СК Басқарма Төрағасының орынбасары Ұлан Эрикұлы Шардарбеков.