Сауалдар-жауаптар
Қайырлы күн!Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы заңның 22 бабына сәйкес Мүлікке келтірілген зиянның мөлшерін айқындауды сақтандырушы уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша, зиян мөлшерін айқындау туралы өтініштің негізінде жүргізеді.
Осыған байланысты зиян мөлшерін анықтау үшін Сізге Сақтандырушының мекенжайына тиісті өтінішпен баруға тура келеді.
Бұл ретте, Заңның 24 бабына сәйкесБiр сақтандыру жағдайы (сақтандыру сомасы) бойынша сақтандырушы жауапкершілігiнiң шектi көлемi мынаны құрайды (айлық есептiк көрсеткiшпен):
- бір жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ 600-ден көп емес;
- бір мезгілде екі және одан да көп жәбірленушінің мүлкіне келтірілген зиян үшін - келтірілген зиян мөлшерінде, бірақ әрбір жәбірленушіге 600-ден көп емес. Бұл ретте сақтандыру төлемдерінің жалпы мөлшері барлық жәбiрленушiге 2000-нан аспауға тиіс. Зиян мөлшері сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемінен асқан жағдайда сақтандыру төлемі әрбір жәбірленушіге оның мүлкіне келтірілген зиянға мөлшерлес дәрежеде жүзеге асырылады.
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын таңдағаныңыз үшін рақмет!
Қайырлы күн, Азамат.ҚР «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Заңының 11 бабы 3 тармағы және 12 бабы 3 тармағына сәйкес «Сақтандыру полисінде сақтанушы (сақтандырылған тұлға, сақтандырылған тұлғалар) және пайдаланған көлік құралы/құралдары туралы мәліметтер болуы керек».
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын таңдағаныңыз үшін рақмет!
Қайырлы күн, өтінішке сәйкес біз калькуляцияның көшірмесін бере аламыз, ал калкуляцияның түпнұсқасы сақтандыру ісіне тігіледі, ол Сақтандыру компаниясында сақталады.
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын таңдағаныңыз үшін рақмет!
Қайырлы күн. КҚИАҚЖМС туралы заңның 22-бабы 7-тармағында Мүлкіне зиян келтірілген пайда алушы өзі немесе сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандырушыға зиян мөлшерін айқындау туралы өтініш бергенге дейін, сондай-ақ аталған өтінішті берген күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде көлік оқиғасынан кейін қандай жай-күйде болса, сол жай-күйде осы мүлікті сақтап, сақтандырушының бүлінген мүлікті қарап-тексеруіне мүмкiндiк жасауға мiндеттi. Заңның 29-бабы 2-т., 6) тармақшасында жәбiрленушiнiң осы Заңның 22-бабы 7-тармағы үшінші бөлігінің талаптарын бұзуы негiз болуы мүмкiн. Осылайша, егер жәбірленуші 22-баптың 7-тармағының талаптарын бұзған жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуға құқылы.
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын таңдағаныңыз үшін рақмет!
Қайырлы күн, Заңның 10 бабы, 2 тармағына сәйкес Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтеркөрсетудiң) мерзiмдерiн, оныңкелiсiм-шарттар (шарттар) бойыншаөзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздықайыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмағанпайдасын өтеудi есеп темегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
«Лондон-Алматы» сақтандыру компаниясын таңдағаныңыз үшін рақмет!